ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ
Бүгін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімінде «Отбасы құндылығы» тақырыбында пікір алмасу, дөңгелек үстел өтті.
«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағысының бірінші орынбасары М.Омаров және «Тіршілік тынысы» газетінің хатшысы Ш.Нұрсейітов, сондай-ақ республикалық «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы, бес ұл тәрбиелеген ана - Ханшайым апай мен «Алтын алқа» иегері Алмагүл апай қатысқан жиында отбасы құндылықтары кеңінен насихатталып, отбасыдағы тәрбие, салт-дәстірді құрметтеу, жастарды алдағы өмірге даярлау секілді мәселелер қозғалды.
Алдағы уақытта осындай шаралардың тәрбие маңыздылығына байланысты шаралардың жиі өтуі қажет екендігі айтылды.
Алдағы уақытта осындай шаралардың тәрбие маңыздылығына байланысты шаралардың жиі өтуі қажет екендігі айтылды.