АКТ ЗАЛЫ МЕН КІТАПХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектеп жанынан салынған акт залы мен кітапхана құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жалпы сметалық құны 90,159 млн.теңгені құрайтын ғимарат оқушылардың білімін, өнерін шыңдауға лайықтандырылған. Мұның құрылыс жұмыстарын Б.Искаков басқаратын «Интегрестрой» ЖШС жүргізген.
Бұл күнде акт залда Ә.Құлтайбаева жетекшілік ететін «Хор», «Домбыра» (жетекшісі Т.Пірманов), С.Бәйімбетова жетекшілік жасайтын «Бейнелеу өнері» және «Өнерге баулу» үйірмелері жұмыс жасайды. Үйірмеге қатысушылар қажетті аспаптармен және құралдармен қамтамасыз етілген. Кітапхана да жаңа кітаптармен толыққан. Қазіргі таңда кітапханада 13280 кітап қоры бар.
Білім ізденушілер үшін оқырман залы да салынған.