МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Ардагер спортшы Тұрғанбай Болғанбайұлы жетекшілік ететін «Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қор ауданда мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс жасап, олардың өмірге деген қызығушылығын арттырып, спорттың бұқара арасында кең қанат жаюына белсенді атсалысып келеді. Егемен еліміз үшін ерекше маңызы бар мереке ҚР Конституциясының 20 жылдығы құрметіне аталмыш қор мүмкіндігі шектеулі жастар арасында қол күрес спортынан аудандық жарыс өткізді.
Аудандық сайысқа 10-ға тарта мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысты. Жарыста спортшылар екі топқа бөлініп, 60 келіге дейінгі және одан жоғары салмақ дәрежесінде күш сынасты. Тартысты өткен қол күресінде 60 келіге дейінгі салмақта сәкендік Нұрмағанбет Рахметов бірінші орынды жеңіп алса, екінші, үшінші орындарды тереңөзектіктер Досхан Әлиев пен Айдос Сейтжанов еншіледі. Ал 60 келіден жоғары салмақ дәрежесінде асқарлық Жанболат Әлсейітовке тең келер жан болмады. Ол бес қарсыласын да айқын басымдылықпен жеңді. Сөйтіп, бірінші тұғырдан көрінді. Екінші, үшінші орындарды тереңөзектіктер Қанат Мұратұлы мен Ербол Назаров иемденді. Жеңімпаздар дип-ломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа қатысушылардың барлығына «Алғыс хаттар», ынталандыру сыйлықтары берілді.