ІҢКӘРДАРИЯ АУЫЛЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ
Жарты ғасыр бұрын қаракөл қой шаруашылығын дамыту мақсатында құрылған Сырдария ауданындағы Іңкәрдария ауылы 50 жылдығын атап өтті. Тәуелсіздік жылдары бұл елді-мекен мал мен қатар егін егіп өрісін кеңге жайған еді. Бүгінде төрт түлегін түлетіп, Жер анадан ырзық несібесін жиып отырған ауылдың қуанышымен аймақ басшысы Қ.Көшербаев бөлісті.
Жалпы, сырдариялықтар биыл 20 мың гектарға жуық жерге күріш екті. Қазір диқандар оның 20 пайызынан астамын орып болды. Қазан айына дейін орақ жұмысы аяқталатын болады. Биыл ғана қолға алып, егін салған «Ақжарма и К» ЖШС ауыл тұрғындарының иелігіндегі 460 га жерді қарамағына алып, оның 215 гектарына Сыр салысы егілді.
Шара барысында аймақ басшысы ауылшаруашылық саласын дамытуға айрықша үлес қосып келе жатқан «Мәді қажы» шаруа қожалығының төрағасы Аббас Камалатдинді ҚР Конституциясының 20 жылдық мерекелік төсбелгісімен марапаттады.
Жарты ғасырлық тарихы бар ауылдан еңбек озаттары дүниеге келген. Атап айтар болсақ, «Еңбек Даңқы» орденінің иегері Қордабаева Баһаркүл, «Құрмет белгісі» ордені иегері, аудандық партия комитетінің пленум мүшесі Байманов Нұрылда, «Октябрь революциясы» орденінің иегері, есімі 1988 жылы ҚССР Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша «ҚССР құрмет алтын кітабына» жазылған Нақыбаева Мауия есімді азаматтар ел мақтанышы.
Мерейтойға арналған «Құт - береке қонған ел» кітабының тұсауы кесіліп, ауылдың тарихынан сыр шертетін театрландырған көріністер дала сахнасында көрсетілді. Сондай-ақ, ат жарысы, көкпар, қазақ күресі секілді спорттық шаралар тойдың көркін қыздырып, кешкісін отшашу шашылды.