ҰЛТ ТАРИХЫ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
«Тәрбие басы – тал бесік» деп халқымыз бекер айтпаған. Осы тұрғыда игілікті істерді атқарып, көптеген іс-шараларды ұйымдастырып жүрген «Сырдария аудандық аула клубтары» қоғамдық қоры жақында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жастардың әрекетіне талап қоя отырып, тәрбиелеу ісін жолға қою мақсатында семинар-тренинг өткізді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
С.Сейфуллин ауылындағы ауылдық клуб ғимаратында «Жұмыссыз жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және пайдалы кеңестер беру» тақырыбында өткен семинар-тренингке ақ жаулықты аналар, ақылы дария әжелер мен жас келіндер қатысты. Онда күнделікті тәрбие негіздерінен бастап, тәрбие тағылымы туралы кеңінен сөз қозғап, үлкенді сыйлау, асхана заңдылықтарымен де таныстырды.
Қатысушыларға отбасы мүшелерінің өз міндеттері болатыны және оған жауапкершілікпеу қарау қажеттігі түсіндірілді. Өз кезегінде жас келіндер де тез даярланатын тағам түрлерін әзірлеп, наным-сенім, ырым, салт-дәстүр мен ата дініміздің тәрбиелік маңызынан білімдерін көрсетті.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен өткен семинар-тренинг барысында «Сырдария аудандық аула клубтары» қоғамдық қоры «Ыстық ұя» дәстүр мен тәрбие мектебін құру шарасын да ұйымдастырды. Семинардың бұл бөлімінде ауылдағы ұлттық тәрбиенің сан түрлі тарауларына жауапты ардақты жандар бекітілді.