АЛТЫН ДӘН ЖИНАУҒА КІРІСТІ
«Сыр күріші – ел ырысы» дейді халық даналығы. Халық айтса, қалт айтпайды. Ауданымызда Сыр салысын ору басталды. Дихандар қауымы ала жаздай маңдай терін тамшылата жүріп өсірген ризықты жинайтын, оның нәтижесін көретін кез келді. Ауданда алғашқылардың қатарында Сыр маржанынан жылма-жыл жақсы өнім жинап жүрген киелі Қалжан ахун ауылындағы «БАҚ» шаруа қожалығының күріштігіне орақ түсті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Алғашқы орақ басталар алдында аудан әкімі Ғ.Қ.Қазантаев диқандарға құттықтау тілегін білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді. Аудан әкімі Ғ.Қазантаев, инвестор және ауыл ардагерлері алғашқы орақ лентасын қиғаннан кейін, диқаншылар әулетінің ұрпағы Әлібек Мықбаев су жаңа шетелдік «Магдон» жаткасымен Сыр салысын оруға кірісті.
Бұл орайда, Алдаберген Құлбаев жетекшілік ететін «Қызылдихан» мен осы «БАҚ» ШҚ-да өткен жылы озат жаткашы Әбсадық Маханов 1200 гектар жердің Сыр салысын жинағанын ескерсек, Әлібектің де сондай дәрежеден көрінуіне тәжірибесі жеткілікті. Сондай-ақ, өткен жылы аталмыш шаруа қожалықтарына 5 «Палессе» келсе, биыл сондай екі комбайн егін жинауға кірісуге дайын тұр.
Екі шаруа қожалықтары егін жинау науқанын жоғары дәрежеде жүргізіп, мол өнім алады деген сенімдеміз.