АРДАГЕРЛЕР ДЕМАЛЫС ОРНЫНА БАРДЫ
Аудан әкімдігінің қолдауымен «Шопан Ата» шипажайында тегін демалуға, емделуге үлкен мүмкіндіктер жасалып, 2014 жылы 60 ардагер емделсе, биылғы жылы олардың қатары 100-ге жеткізілді.
Олардың ішінде 94 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров пен Махамбет Бержанов ақсақал да бар.
Бас дәрігер Петр Абдухановтың хабарлауынша, санаторияда минералды сумен және балшықпен емдеу әдісі қолданады. Балшықты арнайы Жаңақорған ауданынан алдыртады. Ал минералды су санаторияның жанындағы скважинадан алады. Санаторияда демалыс орны, бильярд, теннис, жаттығу залы және монша, сондай – ақ төрт мезгіл ас беріледі.
«Шопан ата» санаториясы Амангелді ауылында орналасқан. Ол 1986 жылы пайдалануға берілген. Кейін оны «Құмкөл көлік сервисі» компаниясының жеке меншігіне берілген.
Шынар БЕКБАН