СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫН АРАЛАДЫ
Ел аманатын арқалаған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Б.Еламанов пен М.Бахтиярұлы Сырдария ауданындағы республикалық тірек ауылы саналатын Ақжармада «Ақжарма-2» ШҚ егін жайымен, халықаралық дәрежеде қызмет көрсететін сервистік орталық құрылысымен, «Ақжарма және К» күріш ақтайтын зауытымен және осы қожалықтың мал шаруашылығы жұмыстарымен танысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Халық қалаулылары егінжайда аудандық мәслихат депутаты М.Бисенов басқаратын «Ақжарма-2» ШҚ-ның №4 өндірістік бригадасында болды. Сенаторлар да ала жаздай бітік егін баптаған диқандардың еңбегіне дән риза болды. Мұнан соң депутаттар «Ақжарма және К» ШҚ-ның тәулігіне 60 тонна күріш ақтайтын зауытымен танысты. Өндіріс алаңында күріш сақтайтын бірнеше жаңа қоймалар қойылыпты. Сонымен қатар, тәулігіне 70 бөлке нан шығаратын шағын наубайхана жұмыс жасап тұр. Ол жұмысшылармен қатар, ауыл тұрғындарының да қажеттілігін өтейді. Осы қожалықтың күшімен ауылда қоғамдық монша құрылысы басталған. Депутаттар аталмыш қожалықтың ауылдан жырақ орналасқан мал қыстағында да болды. Мұнда да тындырымды тірліктер көзге көрініп тұр. Екі жылдан бері ауыл құрылыстарына қажетті шлакоблок өндіру жолға қойылған. Осы жылдан бастап 5000 балапан шығаратын жаңа инкубатор іске қосылмақшы. Бұдан бөлек, 316 бас ірі қара жылқы күтімге алынған. Сондай-ақ, іргедегі көл жағасында 316 «Қазан» қаздары бағылуда. Қожалық төрағасы Қ.Нұрсейітов мемлекетт ік «Сыбаға» бағдарламасы өзі үшін сыбағалы болғанын айтады. Ол осы бағдарламамен ауданда алғаш жұмыс жасаған кәсіпкер. Кезінде 30 млн. теңгеге 176 бас мал алып, содан қазір кәсібін дөңгелетіп отыр.
Мұнан соң, алқалы топ ғасыр жобасы саналатын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің Ақжарма ауылы тұсында «Ақжарма-2» ШҚ салып жатқан халықаралық жобаларға сәйкес қызмет көрсететін сервистік орталық құрылысымен танысты. Келешекте Ақжарма бойында жақсы сервистік орталық пайда болмақшы. Бұл іргелі құрылыс «Ақжарма-2» ШҚ күшімен жүргізілуде. Мұнда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Биылдың өзінде қожалықтың ауыл шаруашылық техникалық паркі 95 пайызға жаңартылған. «Тірек ауылы» орталығының архитектуралық келбеті және мәдениет үйінің күрделі жөндеуі халық қалаулыларының көңілінен шықты. Осыған орай, аудан басшысы Ғ.Қазантаев аудандағы барлық мектептер мен балабақшалардың және мәдениет үйлерінің толық, күрделі жөндеуден өткенін айтып, аудандық бюджет есебінен Айдарлы ауылында жаңа мәдениет үйі тұрғызылғанын, С.Сейфуллин ауылында 90 орындық балабақша салынып жатқанын, осы елді- мекенде жаңа клуб үйі пайдалануға берілгенін жеткізді.
Сенаторлардың сапарының қорытындысында аудан әкімі бастаған халық қалаулылары ауыл әкімдігі үйінде аудандық мәслихат депутаттарымен ауылдық қоғамдық кеңес және алқа мүшелерімен кездесті.