СЫРДАРИЯЛЫҚ ЖАСТАР ТАРИХТАН БІЛІМДЕРІН САРАЛАДЫ
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі мерейтойына орай Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасының ұйымдастыруымен «Тарих - таным» атты интеллектуалды ойын өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақ хандығы құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, жастардың білімдерін арттыру, тарихи ұлы тұлғалардың ерліктерін насихаттап, Отансүйгіштікке тәрбиелеуді мақсат еткен шараға ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері, ақсақалдар және ауылдың белсенді жастары қатысты. Интеллектуалды ойынға «Алаш», «Жас қырандар», «Болашақ» атты 3 топ «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар», «Тарихи деректер», «Тарихи оқиғалар», «Конверт-сұрақ» бойынша төрт кезеңнен тұратын ойын шарты бойынша сайысқа түсті.
Өздерінің білімділігі мен біліктіліктерін көрсете білген топтарды қазылар алқасының мүшелері - ардагер-ұстаздар Мәжит Құттыбаев, Шолпан Тойбаева және ауыл әкімшілігінің маманы Азамат Жұмабек бағалады. Қызықты өткен ойын қорытындысында 1 орын 67 ұпай жинаған «Алаш тобына» табыс етілді. Жүлделі 2 орынға 51 ұпаймен «Болашақ тобы» лайықты деп танылса, 3 орын қоржынында 50 ұпай бар «Жас қырандар тобына» бұйырды.
Тағылымды шараның жоғары деңгейде өтуіне өзіндік үлестерін қосып, жеңімпаздар қатарынан көрінген қатысушыларға арнайы дипломдар табыс етілді.