ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ АУДАН ДАМУЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ
«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құттықожа Ыдырысов пен Бақытбек Смағұлдың сайлаушылармен кездесуі болып өтті. Кездесуді аудан әкімі Ғанибек Қазантаев ашып, жүргізді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Депутат Б.Смағұл туған жерге сүйіспеншілікпен қызмет жасап жатқан билік басында жүрген азаматтардың өңірді, ауданды дамытуда алдыңғы қатардан көрініп келе жатқанына ризашылығын білдірді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Ыдырысов сайлаушылар алдында Елбасының «100 нақты қадам» реформасы туралы кең мағлұмат берді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына сайлаушылар, әсіресе жастар тарапынан өңірді дамытуға байланысты көптеген сауалдар қойылды. Жиынды аудан әкімі Ғ.Қазантаев қорытындылап, мазмұнды әңгімелері үшін халық қалаулыларына ризашылығын білдірді.
Мұнан соң аудан әкімі Ғ.Қазантаев бастаған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шіркейлі ауылы тұрғындарымен кездесіп, Елбасының «100 нақты қадам» реформасы туралы жиын өткізді. Сондай-ақ, ауылда жаңадан салынып жатқан 600 орындық мектеп құрылысымен танысты. Бұл күні халық қалаулылары Шаған ауылында жүргізілген абаттандыру жұмыстарын көріп, кент орталығындағы «Өркен-Сырдария» ЖШС-ін аралады.