СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Сырдария аудандық сотында «Жемқорлыққа қарсы әрекет - кіріп-шығу режимін сақтау» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
Өту режимін сақтау, нығайту және жемқорлық туралы заңнамасын сақтау жұмыстарын түсіндіру мақсатында өткен іс-шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ж.Жолдасов, кеңсе меңгеруші Д.Байдушев, Қызылорда облысы МКҚБ ММ-нің бөлімше командирі полиция аға лейтенанты Е.Сисенов, бөлімше командирінің көмекшісі полиция аға сержанты Р.Алмағанбетов қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жыл басынан өткізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мәселелерінің өзектілігі, жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды бағытары мен олардың алдын алу іс шаралары жайлы айтылды. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалармен қызметтік емес байланыстарды жою талаптары, өз әрекетінің барлық формаларында бедел түсіретін жағдайларды болдырмау мәселелері қамтылды.
Дөңгелек үстелге қатысқандар өздерінің пікірлерін және осы бағыт бойынша туындаған мәселелерді және оларды шешу жолдарын айтып өтті.