СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА АРДАГЕР АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ
Биылғы жылы күрделі жөндеуден өткен Сырдария ауданындағы «Жалын» тынығу лагерінде «Тәуелсіздік бастауы-Қазақ хандығы» атты ауданның ардагер ақындарының мүшайрасы болып өтті.
Қазақ хандығы құрылғанының 550 жылдығына арналған осынау жыр бәйгесі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімінің қаржылай қолдауымен, «Сырдария ауданының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Сырдария ауданының ардагерлерінің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» жобасы аясында өткізілді. Ардагер-ақындар мүшайрасына өлең жазуға машықтанған, жалынды жырларымен жұртшылық көңілінен шығып келе жатқан 6 ақын қатысты.
Жас ұрпаққа ұлтжандылықты насихаттайтын жыр мүшайрасы қорытындысында ауданның бас ақыны Мұхтар Сақтапов бірінші орынды иеленді. Тарихшы, ақын Шегебай Бәшенов екінші орынды қанжығасына байлады. Үшінші орындарды сәкендік сазгер ақын Әлібек Аюпов пен белгілі айтыс ақыны Замаддин Ибадуллаев өзара бөлісті. Сондай-ақ шағандық Досбол Әбу Ілиясұлы мен сәкендік Саракүл Ахметова ынталандыру сыйлықтарына ие болды.