ЕҢБЕК ЕРІН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
Шіркейлі ауылында тағдырын күрішпен байланыстырған, есімі Сыр аймағына ғана емес, елімізге танымал тұлға, Социалистік Еңбек Ері Балдырған Мұстафаеваның еңбек жолына арналған «Балдырған және оның замандастары» атты еске алу кеші болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Халқымызда «Еңбек - ер атандырады» - деген дана сөз бар. Сырдария ауданы 8 Социалистік Еңбек Ері, 2 Кеңес Одағының Батырлары шыққан қасиетті де киелі мекен.
Балдырған апаның еңбек жолы сонау 1963 жылы кезіндегі «Қазақстанның 50 жылдығы» атты шаруашылықта күріш егуден басталды. 1970 жылы «Шіркейлі» ауылына келіп, өмірінің соңына дейін осы шаруашылықта диқаншылық кәсібімен айналысты. 1971-1988 жылдары егілген Сыр маржанының әр гектарынан 70-100 центнер аралығында өнім жинап, көш бастады.
Бар ғұмырын диқаншылыққа бағыштаған Балдырған апаның ересен еңбегі ескерусіз қалған емес. Ол 1974 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1976 жылы Ленин орденімен марапатталады. Ал, 1987 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды. Балдырған Мұстафаева кезіндегі Қазақстан Коммунистік партиясының ХІV, ХV съездеріне делегат болып қатысса, орталық партия комитетінің пленум мүшесі, облыстық партия комитетінің бюро мүшесі болған.