СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТКІЗІЛДІ
Жақында ғана пайдалануға берілген Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылдық округіндегі клуб ғимаратында қолөнер шеберлерінің шеберлік сыныбы өткізілді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Сырдария аудандық аула клубтары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Аула клубтарының жұмыстарын ұйымдастыру» қызметі бойынша өткен шеберлік сыныбы «Өнерлінің өзегі талмас» тақырыбында өтті.
Адамдарды бейнелі өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мен еңбекқорлыққа баулуды мақсат еткен іс-шараға аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ардагер-ұстаздар, аула клубтарының жетекшілері, технология пәнінің мұғалімдері, белсенді жастар және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Шеберлік сыныбы барысында «Сырдария аудандық аула клубтары» қоғамдық қорының төрайымы А.Смайылова өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы туралы кеңінен әңгіме өрбітіп, ұлттық патриотизмді қалыптастыруда қолөнер шеберлерінің алатын орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, облысымызға белгілі қолөнер шебері Мамық Дүйсенова мен Тереңөзек кентінің қолөнер шеберлері Ақгүл Байділдаева, Гүлназ Әмірбековалар шараға қатысушылар назарына өздерінің туындыларын ұсынып, олардың жасалу жолдарын түсіндірді.