МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН ОН ЖЫЛДА 81 МӘДЕНИ-ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН САЛЫНДЫ
Сырдария ауданындағы ірі 11 мұнай компаниясы әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысып келеді. Н.Ілиясов ауылында қара алтын өндірісімен айналысатын нысандардың басшылары мен бизнес өкілдері бас қосты.
Кездесу кезінде әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі меморандумдар қабылданды. Мұндай бірлескен жұмыстар 2013 жылдан бастап атқарылып келеді. Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2004-2014 жылдар аралығында жер телімдерін пайдаланғаны үшін мұнай компанияларынан бюджетке – 213 млн., мүлік салығы бойынша 10 млрд. теңге пайда түскен. Бұл қаржыға білім саласында – 93, мәдениет саласында – 12, мемлекеттік органдарда – 17 нысан жөнделіп, 81 мәдени-әлеуметтік нысан салынды.
Мәдени-көпшілік шаралар өткізу, еңбек және соғыс ардагерлерін, тұрмысы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау, бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында «Сырдария» қоғамдық қорынан 182 млн. теңге көлемінде қаржылай көмектер берілді.