ТҮЗУ КӨШЕ, ҚАУІПСІЗ ЖОЛ
Соңғы жылдары Сырдария ауданының орталығы мен елді-мекендерді жергілікті бюджеттен абаттандыру жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр. Қазіргі таңда аудандық бюджеттен құрылыс нысандарымен қатар, аудан орталығында жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Тереңөзек кентінде екі көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашқысы Абай көшесінен басталып, Ә.Тәжібаев көшесіне дейінгі аяқ жол. Мердігер – «Қармақшы құрылыс» ЖШС-і. Оның жалпы құны 9 млн. 604 мың теңгені құрайды. Жаяу жүргіншілер жолының құрылысы келісімшарт бойынша 8 маусымда басталған. Аяқталу мерзімі 31 тамыз. Аталған көшедегі тас жолдың екі беті де жаяу жүргіншілер жолымен қамтамасыз етілмек. Аудандық бюджет есебінен Қ.Қазантаев көшесінің оң жақ бетіне де жүргіншілер жолы төселді. Бұл жұмыстар кентке қарасты О.Мәлібаев ауылының Қ.Бөдеев көшесіне дейін жалғасуда.Жаяу жүргіншілер үшін «Айтбай арық» каналына көпір салынды. Бұл көшеге жергілікті бюджеттен 15 млн. 84 мың теңге қаржы бөлінген. Құрылыс жұмыстарымен «Бекарыс және К» ЖШС-і айналысуда. Жаяу жүргіншілер жолын салу 3 маусымда басталған. Бүгінде кент көшелері әсіресе, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы болып отыр. Бұған тұрғындар да ризашылықтарын білдіруде.