СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Сырдария аудандық сотында «Мемлекеттік органдар арасындағы электронды құжат айналымы жүйесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.
Іс-шараға Сырдария аудандық ішкі істер органдарының және жергілікті мекемелерінің кеңсе қызметкерлері қатысты. Қатысушыларға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев сот жүйесінде БЭҚАЖ /ЕСЭДО/ және «Төрелік» бағдарламалары арқылы құжаттарды әзірлеу тәртібіне толық түсіндірме берді.
Сонымен қатар, баяндамашы жиынға қатысушыларына сот жүйесінде 2014 жылдан бастап қағаз құжаттардың санын азайту мен сот органдарына құжаттар табыс етуді оңайлату мақсатында мемлекеттік органдар арасында бірыңғай электронды құжатайналым ақпараттық жүйесін қолдануды (БЭҚАЖ) жүзеге асырылып отырғаны туралы атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылармен бірыңғай электронды құжатайналым ақпараттық жүйесін қолдану - бұл сот органы және басқа да мемлекеттік органдар арасында құжат алмасуды оңайлатып, ортақ қызметтерді үйлестіруге өз септігін тигізетіні және қағазбастылықтан арылта отырып, құжаттар табыс етуді және жедел сот ісін жүргізуді қамтамасыз ететіні туралы, сондай-ақ, бағдарламаны дамыта отырып, әлемдік деңгейге жеткізу жолдары екені айтылды.
Шараға қатысушылар басқа да қажетті мәліметтермен бөлісіп, сұрақтарына жауаптар алды.