РЕЙД НӘТИЖЕСІНДЕ ЕШҚАНДАЙ БҰЗАҚЫЛЫҚ БАЙҚАЛМАДЫ
Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты «Құқықбұзушылыққа қатысты қоғамда «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру» атты тақырыпта аудан тұрғындарымен кездесу өтті.
Аталмыш кездесуде «Тұран» өңірлік даму» қоғамдық қорының үйлестірушісі М.Мантаев «Құқықтық сауаттылықты арттырудың қоғамға тиер пайдасы», аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының маманы А.Мырзабай «Заңсыздыққа төзбейміз», тақырыптарында баяндамаларын таныстырды. Жиында жасөспірімдердің түнгі сағат 23:00 ден танғы 6:00-ге дейін уақытта көшеде ата-анасыз жүрмеуі, дүкендерде жасөспірімдерге темекі және алкоголь өнімдерінің сатылуына және көшеге қоқыс тасталып ластануына жол бермеу және т.б. мәселелері талқыланды.
Айта кету керек, осы күні ауданда «Тұран» өңірлік даму» қоры және аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен түнгі уақытта рейд жүргізілді. Рейд барысында кездескен аудан тұрғындарына брошюралар таратылды. Рейд нәтижесінде ешқандай бұзақылық байқалмады және құқықбұзушылық фактілері тіркелмеді.