ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерекесіне орай Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйі және ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Тағдыр табыстырған, тарих тоғыстырған халықпыз» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту басты борышымыз екенін ұғындыруды басты мұрат еткен шараға ауыл әкімдігінің қызметкерлері, ардагер-ұстаздар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Кешті ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төребек Жұмабекұлы құттықтау сөзбен ашып, көп ұлттық Қазақстан үшін бірлік пен ынтымақты сақтаудың маңызы зор екенін жеткізді. Мұнан соң, кештің қадірлі қонақтары, өзге ұлт өкілдері Лариса Бавижова мен Ханзия Гайсина және Шолпан Тойбаевалар Ассамблеяның 20 жылдығы татулықты ту еткен Қазақ елінің мерейлі мерекесі екенін атап өтті.
Тағылымы мол шара барысында үйірме оқушылары патриоттық тақырыптағы әндер мен өзге ұлт ақындарының жырларын жатқа оқыды. Көрермен ықыласына бөленген өнерпаз жастар мың бұрала билеп, кештің көрігін қыздыра түсті.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА