«ЖАЛЫН» ТЫНЫҒУ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ
«Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» тақырыбындағы облыстық семинарға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі М.Ш. Ибрашев, «Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің құтқарушылары, Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Н.Әнуарбеков және «ӨСжАҚЖҚ» ММ №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Сырдария ауданы, Теренөзек кентінде орналасқан балалардың жазғы «Жалын» тынығу сауықтыру лагерінде «Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру туралы» тақырыбындағы облыстық семинар кеңеске қатысты.
Іс шара барысында департамент қызметкерлері семинар кеңеске қатысушыларға қолданыстағы құтқару құрал-жабдықтарымен таныстырып, облыс көлемінде орын алған төтенше оқиғаларды назарға салып, «Өрт және су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, төтенше оқиғалардың алдын алу және болдырмау» мақсатындағы үгіт насихат шарасын жүргізді.
Облыстық семинар кеңеске Сырдария ауданының әкімі Ғани Қазантаев, Қызылорда облысы білім басқармасы, Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының басшылары, Сырдария ауданының ардагерлері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен облыстағы 9 тынығу сауықтыру лагерінің өкілдері қатыстырылды.
Семинар кеңесте, Сырдария ауданы білім саласы мен ауданның құрметті ардагері және «Әйелдер ұйымының» төрайымы Ұлмекен Жаналиева өз баяндамасында «Төтенше жағдайлар саласының мамандарына төтенше оқиғалардың алдын алуда атқарылып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, кеңеске қатысушылар атынан ризашылығын білдіріп, алғыс айтты». Сонымен қатар, Сырдария ауданы әкімі Қазантаев Ғани Қонысбекұлы өз тарапынан «Алғысын» білдірді. Аталған шараға бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен «Қазақстан-Қызылорда» телеарна өкілдері қатысты. Келешекте, аталған бағыттағы шаралар департамент тарапынан қарқынды өз жалғасын табуда.