СЫРДАРИЯДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Сырдария ауданында "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің байқауы болып өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Байқауға Айдарлы, Жетікөл, Бесарық, Шіркейлі, Н.Ілиясов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, А.Тоқмағамбетов ауылдары мен кент орталығынан қатысқан шеберлердің барлығына ортақ дүние, ұлттық киімдер, құрақ көрпелер, тұскиіз, киіз үйдің баулары, бисерден тоқылған бұйымдар аяқ қап, кесе қап, торсық, моншақтан жасалған қобдиша, гүлдер, құмыралар, қағаздан өрілген гүлдесте, киіз кебіс, балаларға арналған тоқым киімдер, кілем жібінен тоқылған дорба, қоржындар, т.б. еңбектері қойылды.
Жоғары талғампаздықпен жасалған дүниелер көздің жауын алады. Әсіресе, айдарлылық Дариға Құрымбайдың қолымен жасалған тоқыма бұйымдарының әрбірінен ұлттық нақыштағы оюларды аңғаруға болады. Ал, шіркейлілік Қоразова Гүлбаршынның шиден жасалған "Мәңгілік ел", "ЭКСПО-2017" картиналары жаңа, ешкімді қайталамаған дүниелер.
Байқау қорытындысымен бірінші дәрежелі дипломмен Ж.Маханбет пен Г.Қоразова, ІІ-ші дәрежелі дипломмен С.Сыздықова мен Д.Құлымбай, ІІІ-ші дәрежелі дипломмен Ш.Тойбаева мен Т.Мырзабекова марапатталды.
Шынар БЕКБАН