МЕКТЕПКЕ АВТОБУС СЫЙЛАДЫ
Сырдария ауданында №135 А.Тоқмағамбетов атындағы орта мектебінен осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1995 жылы түлеп ұшқан түлектер алтын ұя мектептерінде соңғы қоңырау салтанатында бас қосты.
20 жыл бұрын асқақ арман жолында қанат қаққан түлектер бүгінгі таңда республика көлемінде жауапты қызметтер атқарып жүр. Солардың бірі Мақсат Ысқақов ауылдың ғана емес еліміздің мақтанышы. Ол Халықаралық «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып, қазіргі таңда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тілдер комитетінің төрағасы қызметінде еліміздің дамуына, оның ішінде тіліміздің тұғырлы болуына аянбай еңбек етіп келеді. «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл толуына орай Елордада өткен форумда сөз сөйлеген Мақсат Ысқақовқа Елбасы риза болған еді.
Салтанатты шарада жиырма жылдық түлектер өздері білім алған мектепке автобус сыйға тартты. Оқушылардың игілігіне пайдалансын деген ниетпен сыйға тартылған тасымал көлігінің кілтін мектеп директоры Қ.Омаровқа облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Г.Сағидатова салтанатты түрде табыстады.