ЕГІНШІЛІК САЛАСЫН ӘРТАРАПТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Сырдария ауданының Шіркейлі елді мекеніндегі «Мәди Қажы» серіктестігінде күріш егу жұмыстары басталуына орай жыл сайынғы дәстүрлі мәжіліс болып өтті деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Күріш егуде атқарылатын жұмыстарды және егіншілік саласын әртараптандыру бағытындағы шараларды талқылау мақсатында ұйымдастырылған жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ауыл шаруашылық саласына қатысты облыстық, аудандық мекеме басшылары қатысты.
Жалпы биылғы жылы Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 30777 гектарға егіс егіледі, оның ішінде күріш дақылы 19349 гектар. Бүгінгі күнге 7819 гектары (40%) себіліп, 5430 гектары (28,1%) суға бастырылды. Сонымен қатар, жоспарланған бидай, мақсары, жоңышқа дақылдары егілді. Шаруашылықтар бойынша қажетті тыңайытқыш 105 пайыз артығымен алынып, сапалы тұқыммен толық қамтамасыз етілді. Аудан бойынша көктемгі егіс жұмыстарына 243 - трактор, 44 - дән сепкіш, 85 - соқа, 73 - жүк көлігі қатысуда.