«СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ АУЛА КЛУБТАРЫ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ ҚҰРЫЛДЫ
Сырдария ауданында бүгінгі таңда үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар көбейіп келеді. Солардың қатарына "Сырдария аудандық аула клубтары" қоғамдық қоры қосылды. Оның төрайымы Сәкен ауылының тұрғыны Айгүл Смайыл.
Қоғамдық қордың негізгі мақсаты - ауылдық елді-мекендер мен жалпы білім беру орындарында аула клубтарын құру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, эстетикалық, патриоттық, шығармашылық, спорттық бағыттарда жұмыстар жасау. Осы бойынша С.Сейфуллин, Қалжан ахун және кентке қарасты О.Мәлібаев ауылдарында мәдени, спорттық, эстетикалық бағыттарда аула клубтары ашылып, өз жұмысына кірісті. Бұл қоғамдық қор алдағы уақытта жасөспірімдер мен жастардың болашақта жан-жақты, білімді, мәдениетті, ең бастысы көрегенді әрі тәрбиелі болып өсуіне оң ықпалын тигізеді. Жыл бойына ауқымды шаралар ұйымдастырып, ауданның әрі қарай өркендеуіне үлес қоспақ.
Кеше аталмыш қоғамдық қордың жұмысына байланысты семинар болып, жылдық жоспары таныстырылды. "Аула клубтарының жұмыстарын ұйымдастыру" қызметі бойынша "Елді-мекендерде аула клубтарын ашу" жөнінде түсіндірме жұмыстары жүрді.