“ЖАС ҰЛАН” ҰЙЫМЫНА МҮШЕЛІККЕ ӨТТІ
Сырдария ауданында жылдағы дәстүр бойынша республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымына жас жеткіншектерді қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл игі іс ауданда биыл да өз жалғасын тауып, түрлі байқаулар мен білім бәсекелерінде абырой биігінен көрініп жүрген жас өрендер ұйымға қабылданды.
Білімге ұмтылған жастарға берері мол шара жаңадан республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылданғалы тұрған жеткіншектер ант қабылдады.
"Жас Ұлан" ұйымының антын қабылдаған талапты оқушылар мойнына «Жас Ұлан» ұйымының галстугын тақты. Шарада «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандандыруға сүбелі үлес қосып жүрген №37 орта мектеп тәлімгері Б.Қырданова, №191 орта мектеп тәлімгері З.Батталова мен №132 орта мектеп тәлімгерлері А.Арыстанбекова мен С.Бекшеевалар арнайы Алғыс хатпен марапатталды.