297 300 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
Жуырда Сырдария аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 283 бабының 2 бөлігімен әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Істің мәні бойынша, 13 наурызда жеке кәсіпкер Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті А.Иманов көшесі №35 үйде орналасқан сауда дүкенінде, жоспардан тыс тексеру кезінде, алкоголь өнімдерін, яғни акцизделетін өнімдерді белгіленбеген үлгідегі және сәйкестендіруге келмейтін есепке алу-бақылау таңбаларынсыз сақтап, өткізгені анықталған. Сөйтіп, дүкеннен әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлары, жалпы құны 20 920 теңгелік, «Белая лощадь», «Зеленая марка», «Тайга», «LUXOR» «Heoven», «Парламент», «Журавушка», «Парламент черный», «Царская ягода» арақтары және «Казахстан» коньяктары айналымнан алынған.
Сот, құқық бұзушылықтың сипатына қарап, құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 283 бабының 2 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарларын тәркілей отырып, сондай-ақ алкоголь өнімдерін бөлшек сауда жасау түріне лицензиясынан айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 297 300 теңге әкімшілік айыппұл салынды.