СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АЗАЮДА
Жұмыссыз азаматтарды тұрақты, маусымдық және қоғамдық жұмысқа тартуды көздеген бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті мәдениет үйінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Жәрмеңкеге кент, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалығының төрағалары, құрылыс компанияларының жетекшілері, аудандық мекеме мен дербес бөлім басшылары, жеке кәсіпкерлер және жұмыс іздеп жүрген азаматтар қатысты.
Жәрмеңкенің қорытындысында 14 тұрақты, 153 адам жаңа жұмыс орындарына және 307 адам кент оралығы мен ауданға қарасты елді-мекендердегі көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге қоғамдық жұмысқа орналасты. Осылайша, жәрмеңке 474 адамның жұмысқа орналасуына жәрдемін тигізді.
Айта кету керек, өткен жылы ауданда «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының аясында 579 адам жұмыспен қамтылған болатын. Оның ішінде, әлеуметтік жұмыс орындарына - 199, жастар тәжірибесімен - 113, кәсіптік оқу және қайта даярлау курстарына - 100 адам тартылып, шағын несие алғандар - 151-ге жетті.