АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТТІ
Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардақты ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың Отан үшін жасаған ерліктерін насихаттау мақсатында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асуда. Сол жобалардың негізінде ауданымыздағы жігерлі де жалынды жастар Ұлы Отан соғысының ардагерлері Я.Тасыров, М.Бержанов және Д.Сақтағановтың үйіне барып, ер жігіттер қарт майдангерлердің қора-қопсысын тазалап, отын жарса, қыздар жағы үй шаруасына қолғабыс көрсетті. Ұйымдастырылған тағылымды шараға аудандағы жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, шара барасында қатысушылар ардагерлердің соғыс жылдардағы естеліктерін тыңдап қайтты.
Аудандық «Жастарды қолдау орталығының» аға кеңесшісі Ж.Маханбетов аталмыш шараның маңыздылығына тоқтала келе, өскелең ұрпақты Отансүйгіштік пен еңбекке бағыттау арқылы ұлт болашағының кемелдене түсетінін атап өтті.
- Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан майдангерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Ауданымыздағы көзі тірі 4 ардагерді толықтай осы тектес қол көмекпен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Бұл бір жағынан қарт майдангерлерге жаңа серпін сыйласа, жастар үшін де бұл істің берекеті көп,-дейді.
Жалынды жастардың бұл бастамасына алғысын жеткізген Ұлы Отан соғысының ардагерлері жастардың үлкендерге жасап отырған қамқорлықтары көңіл қуантатынын жеткізді. «Енді соғыс болмасын. Біздің көрген қиындықтарымызды көрмеңіздер», - деп, ақ тілектерін жеткізді.