МАҚСАТ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сырдария ауданындағы орталық алаңда «7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай «Мен саламатты өмір салты үшін» ұранымен кең ауқымды акция өтті.
Іс-шарада спорт мектебінің жас таэквондошылары спорттық жаттығу түрлерінен көріністер көрсетті. Акция «Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен «Папа, мама және мен» атты жанұялар арасында өтетін көңілді стартқа ұласты. Сонымен қатар, эстафеталық сайыстар мен қол күрес, арқан тарту, гір көтеру жарыстарына да жиналғандар белсене қатысты. Сондай-ақ, дүниежүлік денсаулық күніндегі акция барысында емдеу-сауықтыру мекемелерінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінің фоесінде «Денсаулық қалашығы» тұрғындарға қызмет көрсетті. Мұнда акцияға қатысушылар скринингктік-профилактикалық байқаудан өтті. Мамандар жиналғандарға қан құрамында глюкоза мен халестерин мөлшерін анықтау, қан қысымын өлшеу, ЭКГға түсіру және дене салмағы мен бой өлшеу секілді медициналық қызмет көрсетіп, кеңестер берді.