СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жат әдеттерден жастарды оқшаулап, оларды салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу мақсатында үкіметтік емес ұйым мүшелері де үн қосып, олар ЖОО мен мектептерде арнайы кездесулер ұйымдастыруды жақсы жолға қойған. Атқарылған жұмыстардың берген нәтижесі де жоқ емес. Осы орайда Сырдария ауданы, №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде жиын өтті.
Жиынға Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің насихат және қоғамдық байланыстар тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Г.Омарова, Сырдария ауданы прокурорының аға көмекшісі Т.Орақбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Есірткі мен нашақорлықтың адамға тигізер жағымсыз әсерлері туралы айтып өткен Г.Серікбайқызы дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі екенін атап көрсетті.
–Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады. Есірткі ессіздердің айналысатын ісі болып табылады. Есірткіге байланысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізу ең алдымен, есірткіні өзі тұтынушы ретінде сатып алатын адамдар емес, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды, таратушылар мен сатушыларды анықтап, жолын кесуге бағытталуы тиіс.
Жиын соңында полиция подполковнигі Г.Омарова Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен «Есірткісіз өмір ғажайып...» тақырыбында орта және арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттері арасында өткен көркем-шығармашылық сайысының қорытындысы бойынша ынталандыру және жігерлендіру сыйлығына ие болған №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп лицей оқушысы Д.Сыздықов пен №135 орта мектеп оқушысы Р.Құрманғалиевке және олардың жетекшілері Г.Ергалиева мен Г.Сатыбалдиеваға Қызылорда ОІІД тарапынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етті.