АМАНКЕЛДІ АУЫЛЫНЫҢ «СУПЕР КЕЛІНІ» БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында «Жаңа заман келіндері-ай» байқауы өтті. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өткізілген байқауға 4 келін қатысты. Тышқанбаев көшесінен Т.Әуезова, Ағайдаров көшесінен Ж.Сейітназарова, Мәзғожаев көшесінен Л.Рахменова және Құм жағалау көшесінен Г.Жұмашевалар бес кезең бойынша сайысып, «Супер келін» атануға талпынды. Көшеаралық байқаудың шарттары бойынша олар алдымен өздерін таныстырды. «Менің көшем» атты бірінші кезеңде өз көшелерінің ардагерлерін, батыр аналарын, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалығын слайд арқылы көрсетіп, таныстырып өтті. Соңғы сайыста тосыннан тапсырмалар беріліп, келіндер оларды орындауда ширақтық танытты. Барлық кезеңдерде де әдептілік пен инабаттылықты сақтай отырып, байқау шарттарын орындай білген Аманкелді ауылының келіндері арнайы марапаттарға ие болды. Байқау қорытындысында Гүлсім Жұмашева үшінші орынды иеленді. Ал Таңшолпан Әуезова екінші орыннан көрінсе, бірінші орынды Ләйла Рахменова алды. Ағайдаров көшесінің келіні Жібек Сейітназарова «Супер келін» атанды.