СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫМЕН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ
Сырдария аудандық прокуратурасымен «Өркен-Сырдария» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарының қолданылуына тексеру жүргізіліп, төмендегідей заңдылықты бұзушылықтарға жол берілгені анықталды.
Атап айтқанда, тексеру барысында жұмыс беруші мен 103 жұмысшы -қызметкерлер араларында жасалған еңбек шарттарында соңғыларға еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттары, қызметкерлер мен жұмыс берушінің құқықтары, еңбек шартын өзгерту тәртібі, сақтандыру жөніндегі талаптары мен шарттардың реттік нөмірлері көрсетілмей, заң талаптарының бұзылуына жол берілгені анықталды.
Сонымен қатар, жұмыс берушімен қарауыл және еден жуушы қызметкерлердің бір айлық жалақысының мөлшері «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен (19 966 теңге) кем, яғни 18 660 теңге мөлшерінде белгіленіп, жоғарыда аталған Заңның талаптары бұзылған.
Сондай-ақ, тексеру барысында жұмыс берушімен қарауыл болып жұмыс жасайтын 3 қызметкерге 2014 жылы олардың түнгі уақыттағы жұмыстары үшін қосымша ақы төленбей, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 23-бабының 2-бөлігінің 19)-тармақшасы мен 91-бабының 1-бөлігі талаптарының бұзылуына жол берілгені анықталды.
Бұл ретте, жұмыс берушімен еңбек шарттарында жұмысшы-қызметкерлердің жағдайын нашарлататын ережелерінің белгіленуіне, сондай-ақ олардың қауіпсіздік пен тазалық талаптары жөніндегі мәселелері қарастырылмай, соңғылардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген.
Заңдылықты бұзушылықтарды жою мақсатында аудандық прокуратурамен «Өркен-Сырдария» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына 05.03.2015 жылы ұйғарым енгізіліп, қаралуы нәтижесімен жұмыс берушімен қарауыл қызметкерлерге олардың түнгі уақыттағы жұмысы үшін қосымша еңбек ақы есептеліп, төленіп, 103 жұмысшы-қызметкерлер араларында жасалған еңбек шарттары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келтіріліп, соңғылардың конституциялық құқықтарының қорғалуына қол жеткізілген.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі