ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ
Сырдария ауданында жергілікті ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Кәсіпкерлікке жастарды тарту» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинарда алғаш болып сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Оралұлы мәлімдегендей, бүгінгі уақытта кәсіпкерлік еліміздің дамуына үлес қосатын бірден бір саласы. Осы саланың мемлекет саясатына негізгі бағыттары туралы сөз етіп, аудан жастарын кәсібін дөңгелетуде белсенділік танытуға шақырды.
Аудандық кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшісі Лаура Смағұлова бірегей тұрғыда тренинг өткізуге ұсыныс берді. Семинар барысында «кәсіпкерлік» терминіне анықтама жүргізді. Сондай-ақ, сатудың негізгі қағидаттары, бизнесті жүргізудегі психологиялық жақтары, байланысты реттеу, ұсыныстар мен сұраныстардың тепе-теңдігі, маркетингтік зерттеу жүргізу, «5Р» принципімен маркетинг жүргізу сияқты мазмұндама берілді.
Сонымен қатар, АКҚО кеңесшілері жас қатысушыларға «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына жас кәсіпкерлігі пайдасына қарай өзгерістер енгізілгені жайын баяндады. Енді жастар 18 бен 29 жас шамасында «Даму қоры» АҚ арқылы екінші деңгейлі банктерден бизнестің кез келген түрін дамытуда 70 пайыз кепілмен несие ала алады.
Шынар БЕКБАН