СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеше Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен «Ішкі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.
Аталған іс-шараға аудандық сот қызметкерлері және Сырдария аудандық мамандандырылған күзет қызметкерлері қатысты. Сот төрағасы А.Абдулла күн тәртібіндегі ішкі қауіпсіздік шараларына қатысты меселеге тоқталып өтті.
Сонымен қатар, соттың ішкі жұмыс ережесі, қызметтік бөлмелерге бөгде адамдардың кіруіне тыйым салыну және сот ғимаратында азаматтардың жүріп-тұруы туралы Ережесін орындалуын үнемі қатаң бақылауда ұстауларын тапсырды.
Сондай-ақ, сот шақыру қағаздарымен келуші тараптарды сот мәжіліс залына кіру алдында жеке куәліктері арқылы тексеріп отыру, ұялы телефондарын сөндіру қажеттігін ескертіп және сот приставымен жұмыс уақыты аяқталған кезде барлық сот қызметкерлерінің компьютерлерінің сөндірілуін тексеріп, есіктеріне пломбаны басып отыру талаптарын үнемі қадағалап отыру қажеттігін ескертті.
Сот төрағасы іс-шараға қатысушылардың қосымша берілген сұрақтарына жауап берді.