СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА БҰРЫМДЫ АРУЛАР САХНАДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Сырдария ауданы мәдениет үйінде «Сырдария әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қыздар сұлу көрінер бұрымымен...» деп аталатын тәрбиелік-танымдық маңызы зор іс-шара болып өтті.
Шара барысында «Сырдария ауданы әйелдер кеңесінің» төрайымы Ұ.Жанәлиева аудан бойынша бір топ бұрымды қыздардың бүгінгі шараға қатысып отырғандығын, шаш әйел көркі екендігін айтып, бұрымды аруларды сахна төріне шақырды.
Шара барысында өнерпаз ұстаз Әсем Құлтайбаева бастаған оқушы бұрымды қыздар сахнада өнер көрсетіп, өздерінің ата-баба салтына адал болып өсіп келе жатқандықтарын танытты. Мерейлі басқосудың екінші кезеңі қыздардың қазіргі кезеңдегі тәрбиесіне, жүріс-тұрысына арналды. Осы ретте, Ұлмекен Шанайқызы бастаған ардагер аналар «Қыздарға қырық үйден тиым» дегендей, олардың қоғамдық көпшілік орындарда ашық-шашық жүруі ерсі қылық екендігін атап өтті. Қыз қашанда әдепті, мәдениетті болса, сұлу көрінеді. «Қызым - үйде, қылығы - түзде» дегендей, үйде ата-аналар, мектепте ұстаздар қыздар тәрбиесіне ерекше мән беру керектігі айтылды.
Шынар БЕКБАН