СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Сырдария ауданында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің базасында 8 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне орай аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде тәрбиеленіп жатқан 23 жасөспірімдермен спорттың жеңіл түрінен жарыс өткізілді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
5 жастан 12 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы спорттық сайысты кент әкімінің демеушілігімен, аудандық мүгедектер қоғамы мен аудандық пасихологиялық-педагогикалық кабинетінің мамандары бірігіп ұйымдастырды. Мұнда Нұржан, Салауат, Дидар, Жұлдыз, Айнұр, Антон, Нұрай, Ерболат, Рамазан секілді жасөспірімдер аталмыш сайыстарда ерекше көзге түсті. «Кім жылдам?» жарысында да кабинетте тәрбиеленуші жасөспірімдер шаттана жүгірісті. Шеңбер ішінде айнала жүгіргенде Қымбат, Әділет, Данил, Мағжан, Біржан, Шұғыла, Мадияр, Сұңғат және Аяжандар жарыстың мақсатында айтылған айналасына, достарына сенімділікті нығайтуды сезінді.
Спорттың жеңіл түрінен өткізілген сайыстардың қорытындысына мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар алды.