СОТТЫҢ ЛАУАЗЫМЫН ҚҰРМЕТТЕМЕЙ ІСТІ БОЛДЫ
Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 513 бабының 1 бөлігімен, соттың лауазымын құрметтемей құқық бұзған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Аудандық соттың мәжіліс залындағы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175 бабының 2 бөлігінің «б,в» тармақтарымен айыпталған қылмыстық іске куәгер ретінде қатысқан құқық бұзушы сотқа спирттік ішімдік ішіп келген. Сондай-ақ бірнеше мәрте берілген ескертулерге қарамастан төрағалық етуші судьяға өзіне арналмаған сұрақтарға ретсіз жауап беріп, соттың лауазымын құрметтемеген.
Сот құқық бұзушыны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 513 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, 3 тәулік әкімшілік қамауға алуға қаулы етті.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі