ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕН АРДАҚТЫ АНАЛАР ЕЛДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНДІ
«Күріш фабрикасы» атанған бұрынғы Шаған ауылында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Сырдария аудандық әйелдер кеңесі», «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Өмірлері өнеге» атты қоғамға еңбегі сіңген бір топ ардагер аналармен кездесу өтті.
Ізгі шараға Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев арнайы келді. Салтанатты басқосу барысында адал еңбек, маңдай терімен, қажырлы жұмысымен ауданның атын танытқан еңбек майталмандары, ардақты аналар құрметпен сахна төріне шақырылды. Олар «Еңбек Қызыл Ту» орденiнiң иегерi, Батыр ана Балапан Арзымбетова, Ленин орденді механизатор, ауданның «Құрметті азаматы» Рысты Өкшебаева, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Х-ХІ шақырылымының депутаты болған, екі бірдей «Еңбек даңқы» ордендерінің иегері Бексұлу Синаева және Қазақ ССР Жоғары Кеңесіне депутат болған «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері Райкүл Жалғасбаева, Батыр ана, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болған Назира Сисенова анамыз. Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік Жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында адамдарды еңбекке баулу арқылы түйінді мәселені шешу қажеттігін айтып, қазақ халқын ел игілігі жолында табанды еңбек етуге шақырды.
Сырдария ауданы - сегіз Социалистік Еңбек Ері, екі Кеңес Одағының Батырлары шыққан қасиетті де киелі мекен. Еңбек адамдарын дәріптеу - кісілігіміздің белгісі ғана емес, ұрпаққа өнеге тұтар асыл қасиетіміздің де белгісі. Өнегелі кеште ақ күріштің атасы атанған дала академигі Ыбырай Жақаевтың ізін басқан еңбек ерлеріне алғыс айтылып, ғиззат-құрмет көрсетілді.