ФОРУМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ДАЙЫНДАЛҒАН ҮЗДІК ТУЫНДЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Сырдария ауданы әкімдігі, аудандық прокуратура және "Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Құқықтық сауаттылық - уақыт талабы” атты аудандық форум болып өтті.
Аудан тұрғындарына жан-жақты құқықтық түсінік беру, әрбір мекемелерде, кент және ауылдық округтерде халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыруды мақсат еткен форумда тұрғындар көкейтесті сауалдарына жауаптар алды. Жақында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен "Халқыма қызмет керуені” акциясында елді-мекендерді аралаған бөлім басшылары форумға келгендерге де халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан түрлі қолдау шараларын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатындағы жұмыстарды жүргізді. Форумда, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік туындылар ұсынған мақала иелері мен қылқалам шеберлері марапатталды. Қоғам дертімен күресуді мақсат етіп, аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, аудандық "Нұр Отан” партиясы, "Сырдария-Нұрдария” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың сәуір айынан басталған "Үздік мақала”, "Үздік плакат” байқауларының жеңімпаздары анықталды.