АУДАНДЫҚ СОТТА ІШКІ ҚАУІПСІЗДІК ПЫСЫҚТАЛДЫ
Сырдария аудандық сотында Қызылорда облыстық соты кеңсесінің ішкі қауіпсіздігі жөнінде жедел кеңес өткізілді. Бұл туралы сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел кеңеске аудандық прокуратура, әділет басқармасы, кент әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.
Қызылорда облыстық соты кеңсесінің ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы П.Мустафаев ішкі қауіпсіздік мақсатында және жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды үнемі сақтау қажеттігін айтып өтті. Қазіргі кезде елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар кеңінен белең алып бара жатыр. Аудандық сотта істер бойынша тараптармен процессуалдық емес қарым-қатынасқа бармау қажеттігін айтып өткен П.Мұстафаев қатысушылардың судьялармен сот қызметкерлеріне қатысты пікірлерін сұрады. Қатысушылардың барлығы судьялар мен сот қызметкерлеріне деген теріс пікірлерінің жоқтығын білдірді.