БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім берудің маңыздылығы» тақырыбында тұрғындармен кездесу өтті, деп жазылған партияның ресми сайтында.
Кездесу барысында Сырдария аудандық партия филиалының өкілдері Берік Ахметов жетекші партияның «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, мүмкіншілігі шектеулі азаматтар жетекші партияның назарынан ешқашан тыс қалмайтындығын атап өтті.
Мұнан соң, инклюзивті білім берумен айналысатын мамандар аудан көлемінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндап, осы сала бойынша білім берудегі өзекті мәселелерін ортаға салды.
№36 мектеп лицейіндегі педагогика-психологиялық түзету кабинетінің меңгерушісі Жанар Сағындықова жалпы инклюзивті білім берудегі әдістемелік құралдардың аздығын, сондай-ақ психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс жасау үшін арнайы сынып ашу қажеттігін атап өтті. Өйткені, осындай сыныптар арқылы ақыл-есі кем балалардың ойлау қабілетінің дамуы мен келешекте білім беру саласында жетістіктерге жетуге болатындығын айты.
Кездесу барысында партия өкілі бұл кемшіліктерді назарға алып, жергілікті билік тарапынан шешімін табатынын жеткізді.