АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ БЕСАРЫҚ АУЫЛЫНДА ТҰРАДЫ
Сырдария ауданы, Бесарық ауылында Абай Құнанбаев деген өрен тұрады. Қазір мектепте оқушы. Бұл жөнінде «Ақмешіт апталығы» газеті хабарлады.
Бүгінде оқушы Абай өзінің атақты кісімен аты да, тегі де бір болғанын өзіне үлкен жауапкершілік деп түсінеді. Қазаққа ғана емес бүкіл әлемге танымал тұлғамен аты-жөні бірдей болғанын мақтан етеді.
– Абай Құнанбаев атамыз біздің халқымызға ерекше еңбек сіңірген. Оны үлкендер әрдайым айтып отырады. Аты-жөнім осындай дара тұлғамен аттас болғанына қуанамын. Есімімді мақтан етемін. Абай Құнанбаев сынды өлшеусіз еңбек жасай алмасам да, сол атақты ақтау үшін барымды саламын. Келешекте елеміздің дамуына, көркеюіне үлес қосу басты мақсатым, – дейді жас Абай.