ТӘРТІП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі №7 өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп, қазіргі таңдағы елімізде орын алып жатқан терроризм, экстремизмге қатысты және де қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықпен нашақорлыққа қарсы келеңсіз жағдайларды алдын алу мақсатында семинар өткізілді.
Семинар Тереңөзек кентінің мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының орынбасары М.Омаровтың, аудандық Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі С.Бөрібаевтың, аудандық орталық ауруханасының нарколог дәрігері М.Жұбанышева және аудандық мешіттің бас имамы А.Асқаровтың қатысуымен ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: құқық қорғау қызметкерлерінің имиджіне нұқсан келтіретін іс әрекеттерді болдырмау, «Әдеп» Кодексінің талаптарын бұзбау және теріс ағымдағы дін мен ұйым қатарына кірмеу, бөлімдерде тәртіп пен заңдылықты нығайту болды.
Семинарға қатысушылар құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді орындау, еліміздің дамуына нұқсан келтіретін жайттарды болдырмау, алдын алу мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына бір кісідей үлес қосып, өркендеуіне ат салысуға шақырды.
Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі