БАЛЫҚ ШАБАҚТАРЫ КӨЛДЕРГЕ ЖІБЕРІЛДІ
Жаз бойы суға толып тұрған каналдардың табаны бүгінде кеуіп қалған. Себебі, егінге қажетті сумен қамтамасыз етілгеннен кейін су беру маусымы аяқталады, деп хабарлады Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Егін жинау науқаны басталғанда шлюздер жабылып, күріштіктегі сулар тартылады. Осы шақта каналдардағы су бөлініп, ондағы балық шабақтарының қырылып қалу қаупі бар. Оның алдын алу мақсатында жыл сайын акция ұйымдастырылып, балық шабақтарын құтқару жұмыстары жүргізіледі. Мұндай игі шара биыл да жалғасын тауып, сусыз тіршілік ете алмайтын шабақтар аудан көлеміндегі айдын көлдерге жіберілді.
Айта кету керек, Сырдария ауданындағы А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Шаған және Қоғалыкөл ауылдарындағы егістік жерлерден шабақтарды аулап, құтқару жұмыстары жүргізілді. Акцияға «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен» 3 арнайы құтқару тобы құрылып, аталмыш ауылдарда каналдарда қалған шабақтар құтқарылды.