ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ КӨПІР САЛЫНДЫ
Көпір салу - сауапты істердің ең үлкені. Мұндай игілікті жұмыстар соңғы жылдары Сырдария ауданында көптеп атқарылуда. Мәселен, 2014 жылы Сырдария өзеніне үлкен көпір салынып, "Ғасыр жобасы" халықтың қуанышына айналды. Өткен жылы кент орталығындағы басты көше А.Имановтың бойындағы "Әйтек" каналының көпірі жөндеуден өтті және аталғын каналға тағы да қосалқы көпір түсті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ал бүгін кенттегі темір жолдың арғы жағындағы ағайындар зор қуанышқа бөленді. Көптен күтіп жүрген армандары орындалып, Б.Момышұлы көшесіндегі "Майжарма" каналына көпір салынып, ашылуы салтанатты түрде өтті. Сауапты іс асармен салынып, қысқа мерзімнің ішінде жүзеге асырылды. Игі іске "Нұр Отан" партиясы аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Ғ.Қазантаев бастамашы болып, нұротандық мәслихат депутаттары, аудан азаматтырының ауызбірлігінің арқасында бюджеттен тыс қаржы көздеріне қос көпір салынды.
Жомарт жандардың арқасында 100-ден аса отбасы үшін ең өзекті мәселе шешіліп, аудан орталығымен қатынас қайта жанданды.
Тереңөзек тұрғындары сенбілік таңды әдетте сергек қарсы алады. Аудан әкімінен бастап бір топ ерікті жас велошеруге қатысуды дәстүрге айналдырған. Салауаттылықты көпке үлгі еткендер 9 шақырым жолды еңсеріп, мәреге жеткен бойда, жаңа көпірдің ашылу салтанатына куә болды.
Айта кету керек, Майжарма каналының бойындағы Бауыржан Момышұлы көшесінде 123 отбасы тұрады. Осыған дейін олардың кентке көлікпен қатынауы қиын болатын. Биыл көше тұрғындарының өтінішін аудан әкімі назарға алып, бюджеттен тыс көздерден қаржы тартуға ықпал етті.