ОҚЫП-ҮЙРЕНУ САБАҒЫ
Сырдария аудандық сотында сот актілері мен сот отырысының хаттамаларын уақытылы алмағандығы жөнінде арыздардың алдын алу мақсатында «Сот актілерін мен хаттамаларын уақытылы енгізу» тақырыбында оқып үйрену сабағы өтті.
Аудандық сот төрағасы А.Абдулла өз баяндамасында судьялар мен сот қызметкерлеріне сот актілері мен хаттамаларды дер кезінде «Төрелік» ақпараттық жүйесіне енгізіп отыруды және сот актілерін іс бойынша тараптарға уақытылы беру қажеттігін атап өтті.
Кеңсе меңгерушісі Д.Байдушев аудандық сотта сот актілері мен хаттамаларының енгізілу жағдайына ақпарат беріп, сот қызметкерлеріне заңда белгіленген талаптарды және өздеріне белгіленген қызметтік міндеттерін қатаң сақтауды ескертті.
Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікірлерімен алмасты.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі