СЫРДАРИЯЛЫҚ ЖАСТАРҒА «СЕРПІН - 2050» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
«Аудандық мәдениет үйінде Елбасының тікелей қолдауымен қабылдаған «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді»,- деп хабарлайды Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі.
«Мәңгілік Ел Жастары-индустрияға» тақырыбында өткен жиынға республика өңірлерінен жалпы 30 оқу орнының өкілдері қатысып, түлектер мен ата-аналарға тиісті кеңестер берген. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Балшекер Өтегенова ашып, жүргізіп отырды. Аудандағы білім саласының дамуы мен алда тұрған мақсат-міндеттер туралы жан-жақты айтып өткен Балшекер Сұлтанбекқызы «Серпін-250» бағдарламасының тиімді тұстары туралы кеңінен айтып өтті. Сондай-ақ, бағдарламаға тек Қызылорда, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастары қатыса алатынын жеткізді.