АУДАН ӘКІМІ АУЫЗАШАР БЕРДІ
Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев мешіт жамағаты мен тұрғындарға арнап аудандық мешіттің асханасында ауызашар берді.
Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында ұйымдастырылған игі шараға соғыс және еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен кент тұрғындары қатысты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Ауызашар барысында берекелі дастарқан басында бас қосқан ардагерлер салиқалы әңгіме айтып, ауызашар жасаған аудан басшысына алғыстарын білдірді. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев аудан әкімдігі мен өзінің атынан мешіт жамағатын Рамазан айымен құттықтап, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басқан егемен елдегі Ислам дінінің дамуы жоғары екенін жеткізді. Сондай-ақ, ауызашарға келген жамағатқа алғысын білдірді.