ТЕРЕҢӨЗЕКТЕН ТАҒЫ БІР КӨШЕ АШЫЛДЫ
Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінен тағы бір көше ашылды. Кенттегі Әйтек каналы бойынан жаңадан ашылған көше соғыс және еңбек ардагері, бірінші дәрежелі ұлы отан соғысы орденінің иегері, Қазақстанның еңбегі сіңген ауылшаруашылығы қызметкері Зинадин Лекеров есімімен аталатын болды, деп хабарлады «қоғам тв» арнасы.
Сырдария ауданында өздерінің өнегелі өмір жолдары мен өзгелерге үлгі болған ардагерлер көп. Солардың бірі, әрі бірегейі Ұлы отан соғысының және еңбек ардагері Зинадин Лекеров. Бүкіл ғұмыр бойы Зинадин Лекеров үйде де, түзде де жұрттың бәріне өнегелі болды. Отбасында өмірлік жолдасы екеуі төрт ұл-қыз өсіріп, олардың бәрін оқытып, қатарынан кем қылмай бақты, тәрбиеледі. Ол соңына өнегелі шаңырақ, халқына ғибратты із қалдыра білген азамат.