1 МАУСЫМ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жадыра» балабақшасының балалары Шиелі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші ағаларына қонаққа келді және осы жыл сайын дәстүрге айналған.
Өрт сөндіру бөлімінің бастығы С.Шаймерденов өз сөзін бастап, Қызылорда облысының өрт сөндіру қызметінің тарихымен таныстырды. Ол өрт сөндіруші болып еліміздің қызметі үшін берілген адамдар жұмыс жасайтындығына тоқталып өтті. Барлық төтенше жағдайлар кезінде өрт сөндірушілер әр дайым бірінші болып көмекке келіп, адамдарға көмек көрсетеді. Осы қайсар жігіттер көп қабатты тұрғын үйлерді, ірі өнеркәсіптерді, техногендік өрттерді сөндіруге қатысып, сонымен қатар өрттің ары қарай таралуына жол бермеуге тырысады.
Балалар қызмет барысы туралы өрт сөндіруші қызметкерлердің әңгімелерін мұқият тыңдады. Әрбір өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері батыл және төзімді, өте жақсы физикалық жағдайда болуы тиіс, сонымен қатар өртке қарсы күрес үшін теориялық және практикалық білімдері болу керек.
Өрт сөндіру техникаларын және жаңа құрал-жабдықтары мен өрт сөндірушінің киімдерін балалар үлкен қызушылықпен қарады. Соның дәлелі, балалар өрт сөндірушілердің киімдері мен каскаларын киіп көріп, өрт сөндіру автокөліктеріне отырды.
Ашық есік күні соңында өрт немесе түтін шыққан жағдайда «101» немесе «112» телефондарына хабарласып, дұрыс мәлімет пен аты-жөндерін және телефонын айтулары керектігі тәрбиешілерге ескертілді.
Д.ӘБСАДЫҚОВ,
Шиелі ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы,
азаматтық қорғау аға лейтенанты